Шымкенттің жұмыссыз тұрғындары бизнес жүргізудің негіздерін оқып-үйрене бастады.

Бұл ретте олардың қандай да бір кәсіп түрін тек теория жүзінде ғана емес, нақты тәжірибе арқылы меңгеруіне маңыз беріледі. Оқыту курстары Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы жанындағы мектепте өткізіледі. Қала тұрғындары өз ісін қалай ашудан бастап, бизнес-жоспар құруды, кадрларды басқарып, өз қорқынышын жеңе білуді үйренеді. Кәсіпкер болуға ниет білдіргендер қатарында үй шаруасындағы жандар мен бұрынғы құрылысшылар, экономистер мен мұғалімдер бар. Ұзақ уақыт бойы жұмыссыз жүрген олар енді өз сұлулық салонын, шаруа қожалығы мен дүкендерін ашуға бел буып отыр.

Абылайхан Дөненбаев, құрылысшы:

- Өзімнің жеке бизнесімді бастауым себеп осында келдім. Маған хабар беріп жатыр, білім беріп жатыр. Бәрі тегін. Менің кішігірім мал шаруашылық фермам бар. Екіншісі – кран жөндеу жөніндегі мәселе. Соны әрі қарай дамытқым келеді.

Береке Дүйсебеков, облыстық КҚКО кәсіпкерлік мектебінің директоры:

- Биылғы жылы 514 адамды оқыту жоспарланған. Қазіргі таңда 300-ге жуығы оқып, оқуын аяқтап жатыр. Бұл бағдарламаның негізгі ерекшелігі, әрбір жұмыссыз отырған азамат жұмыссыз бола отырып, жұмыспен қамту орталықтарына барып тіркеліп, бізге оқуға жолдама алып келеді. Сол жолдаманың негізінде біз оларды тегін оқыту курстарынан өткіземіз. Одан кейін олардың 4-6%-бен жеңілдетілген микронесиелер алуға мүмкіндіктері бар.

Источник: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/120430-yryn-jrenip-bastady

Поделиться