Орталық консалтингтік, сервистік қызмет пен кәсіпкерлік кеңес береді. Бәрі - тегін. Қаржылай қолдау да осы орталықтың көмегімен. Тіпті, шаруашылығыңыздың салық төлеу тәртібін де сұрап, біле аласыз.  

 «Кәсіпкерлік негіздері» оқу курсын тәмамдап, 6 пайыздық, жеңілдетілген несиеге қол жеткізу.  Іс бастауға ұмтылған кәсіп иелерін бүгінде осы мәселелер қызықтырады.  Ол үшін не істеу керек?

Бірақ, талап қатаң. Қаржыны міндетті түрде тиісті мақсатқа жұмсау керек. Ақшаны оңды-солды шашқандарға айыппұл төлетеді. Ордабасы ауданының тұрғыны Орынтай Жұлдызбаев - несие алуға ниетті жандардың қатарында. Арнайы курста білім алды. Қазір кәсіпкерліктің қыр-сырын меңгеріп жатыр.

Биыл бұл мектеп түстіктегі 514 адамды оқытуды көздеп отыр. Жыл басынан бері соның 100-ден астамы арнайы білім алды. Сертификатқа ие болды. Кәсібін нәсіп еткендердің дені – ырзық-несібесін жерден айырғандар. Соқа салып, егін еккендер мен мал өсіріп, атакәсіпті жандандырғандар қазақ елінің қазынасына олжа салып жүр.

http://shymkenttv.kz/kz/news/society/kesipkerlik-mektebi-okuga-shakyrady

Поделиться